Төлеби ауданындағы өндіріс пен экономиканы жандандыруға бағытталған нақты қадамдар

Төлеби ауданындағы өндіріс пен экономиканы жандандыруға бағытталған нақты қадамдар

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға және кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берілген. Бұл бағытта нақты істер атқарылып келеді. Осы ретте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен арнайы кездесу өткізді. Бұл кездесу екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға, өзара тиімді жобаларды қолға алуға бағытталған маңызды шара болды. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ Ленгір қаласындағы кеңес дәуірінде жұмыс істеп, тоқырау жылдарында тоқтап қалған өндіріс ошақтарының қазіргі жай-күйі жан-жақты таныстырылды.

Аудан басшысы қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан өндірістік парк пен индустриалды аймақтың болашағына ерекше тоқталып өтті. Бұл өндірістік кешендер аудан экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және шағын және орта бизнесті қолдауға айрықша үлес қосатынын нақты айтты. Инфрақұрылымды дамыту, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру, өндірісті жолға қою – әкімдіктің күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ретінде алға тартылды.

Еркеғали Амантайұлы шетелдік және отандық инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлікке жүйелі қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен кеңінен таныстырды. Аудан әкімдігі тарапынан индустриалды аймақтарға қажетті инженерлік-коммуникациялық желілер тарту, жер телімдерін рәсімдеу, рұқсат беру құжаттарын жеделдету секілді мәселелер де жүйелі түрде шешілуде.

Сонымен қатар аудан өндіріс ошақтарын қайта іске қосуға толықтай ашық екенін және бұл үшін білікті жұмыс күші жеткілікті екенін ерекше атап өтті. Инвесторларға барлық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетілетіні, әрбір жоба әкімдіктің жіті бақылауында болатыны айтылды. Тоқтап тұрған өндірістік нысандардың әлеуетін тиімді пайдалану арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті экономиканы жандандыруға мол мүмкіндік бар екендігі де баса айтылды. Ауданның табиғи ресурстары, көлік-логистикалық мүмкіндіктері, нарыққа жақын орналасуы – мұның барлығы іскер ортаны дамытуға негіз бола алады.

Өз кезегінде шетелдік инвесторлар ауыл шаруашылығы мен кен өндіру салаларында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдірді. Олар аудандағы шахта кен орындарының жұмысымен танысуға қызығушылық танытып отыр. Бұл бағыттағы ынтымақтастық мүмкіндіктері кеңейтілетін болса, ауданның индустриалды әлеуеті арта түсетіні сөзсіз. Инвесторлармен байланыс орнату арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыру, инновациялық шешімдерді енгізу және экспорттық бағыттағы өндірістерді дамыту көзделуде.

Төлеби ауданының әкімдігі осындай нақты кездесулер мен жобалар арқылы Түркістан облысының инвестициялық картасына айтарлықтай үлес қосып келеді. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, еңбек нарығын жандандыруға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...