Мемлекет басшысы бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты

Мемлекет басшысы бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты

ҚХР, Бейжің қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы ресми сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Дин Сюэсянмен бірге бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың алғашқы кешенін салтанатты түрде іске қосты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған жоба – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен SANY Renewable Energy компаниясының табысты серіктестігінің нәтижесі. Бұл жел энергетикасына арналған қондырғылар шығаратын әлемдегі ең ірі компанияның елімізде ашқан бірінші кәсіпорны.

Өндірістік база Шу қаласындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Кәсіпорын гондола, күпшек, мұнара сияқты жел электр стансасына қажет бөлшектерді шығарады. Жобаны жүзеге асыру еліміздегі жаңа электр стансаларының құрылысын қамтамасыз етіп, «жасыл» энергетиканың дамуына зор үлес қосады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...