Мемлекет басшысы Sany Group Co. Ltd. корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны қабылдады

Мемлекет басшысы Sany Group Co. Ltd. корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны қабылдады

ҚХР, Бейжің қаласы

Әңгімелесу барысында «жасыл» энергетика, машина жасау салаларында бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық технологиялар бойынша серіктестік орнату мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Sany Group корпорациясының Қазақстан нарығындағы қызметін жандандыруға ұмтылысын жоғары бағалады. Корпорация елімізде арнайы техникалардың озық өндірісін жолға қоюға ниетті.

Президент бүгін Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың іске қосылуын ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолындағы маңызды қадам деп атады.

Сян Вэньбо қытайлық корпорацияның Қазақстандағы жұмыс жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, Sany Group компаниясы қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр стансасын салып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның барлық өңірінде әйелдер сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерілуден өтіп, бейінді дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болуда....

Қазақстанда жасанды интеллект бағытындағы құзыреттерді дамытудың ұлттық жүйесі құрылуда. Бұл жүйе мамандарды оқытудың әр алуан деңгейін қамтиды:...

Ақтөбеде «Азаматтық әріптестік: жаңа форматтар – ортақ шешімдер» атты конференция өтті. Қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес...