AI-SANA: қазақстандық ғалымдар журналистерге арналған қазақтілді ЖИ-моделін әзірледі

AI-SANA: қазақстандық ғалымдар журналистерге арналған қазақтілді ЖИ-моделін әзірледі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары журналистерге арналған «AI-QazMedia» қазақтілді жасанды интеллект моделін қолданысқа енгізді. Платформа қажетті ақпаратты жылдам табуға, көлемді мақалаларды талдауға және деректерді жүйелеуге көмектеседі, деп хабарлайды No-comment.kz – Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Платформаның дерекқорына 300 мыңға жуық бірегей мақала енгізілген. Олардың арасында республикалық газет-журналдардың мұрағаттарынан жинақталған материалдар да бар. «AI-QazMedia» журналистерге мәтінмен жұмыс істеудің үш тәсілін ұсынады. Платформа көлемді мақаланың мазмұнын қысқаша түйіндейді, негізгі тұжырымдары мен қорытындыларын тізім түрінде береді және пайдаланушыға қажет деректерді мәтіннен іріктеп, кестеге түсіреді.

Жобаны әзірлеуге ҚазҰУ-дың бес ғалымы қатысқан. Жобаға қатысқан ҚазҰУ доценті Әсел Оспанның айтуынша, команда платформаны сұхбатқа дайындалуға және оның аудиожазбасын өңдеуге бейімдеуді жоспарлап отыр. «Болашақта платформаға аудио тану мүмкіндігін қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл журналистерге сұхбат алу кезінде көмектеседі», – деді Әсел Оспан.

Жоспар бойынша жасанды интеллект көмекшісі сұхбат алдында сұрақтар әзірлеуге көмектеседі, ал сұхбаттан кейін аудиожазбаны мәтінге айналдырып, сұрақтар мен жауаптарды дерекқорға сақтайды.

Қазір «AI-QazMedia» платформасына кез келген адам тіркеліп, қолжетімді қызметтерін пайдалана алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Төлепберген Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің концерті өтті, деп...