Алматыда таңнан бастап сайлау учаскелерінде кезек пайда болды

Алматыда таңнан бастап сайлау учаскелерінде кезек пайда болды

Алматыда қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні сайлаушылар белсенділік танытып жатыр. Таңнан бастап мегаполистің көптеген сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындар кезекке тұрды.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің айтуынша, қала тұрғындары учаскелер ашылмай тұрып келе бастаған. Алғашқы сайлаушылардың арасында ерлі-зайыптылар, аға буын өкілдері мен жастар бар.

Келушілердің көптігіне қарамастан, дауыс беру қалыпты режимде өтіп жатыр. Күту уақытын қысқарту үшін учаскелерде бюллетень беретін қосымша үстелдер ұйымдастырылған. Еріктілер сайлаушыларға учаскелерде бағыт-бағдар беріп, ал байқаушылар дауыс беру рәсімінің сақталуын қадағалап отыр.

Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қала тұрғындары сайлау учаскесін @almaty_maslihat_2026 Telegram-боты немесе 109 бірыңғай нөмірі арқылы біле алады.

41 сайлау учаскесінде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді. Бұл Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға дауыс беруге мүмкіндік береді.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Төлепберген Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің концерті өтті, деп...