Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды

ҚХР, Бейжің қаласы

Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өткен әскери парадты тамашалады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге мінберде Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің жиырмадан астам мемлекет, сондай-ақ үкімет басшылары болды.

Парадқа  10 мыңнан астам жауынгерді қамтыған Қытай халық азаттық армиясының 45 әскери құрылымы қатысты.

Салтанатты шеруде құрлықта, теңізде және әуеде қолданылатын стратегиялық жаңа қару-жарақ түрлері алғаш рет көрсетілді. 

Сонымен қатар 4-ші буын қаруының жаңа түрлері, ұшқышсыз ұшатын және ұшқышсыз аппараттарға қарсы қолданатын қорғаныс техникалары, бағытталған энергия қаруы мен басқа да ұрыс құралдары таныстырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның барлық өңірінде әйелдер сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерілуден өтіп, бейінді дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болуда....

Қазақстанда жасанды интеллект бағытындағы құзыреттерді дамытудың ұлттық жүйесі құрылуда. Бұл жүйе мамандарды оқытудың әр алуан деңгейін қамтиды:...

Ақтөбеде «Азаматтық әріптестік: жаңа форматтар – ортақ шешімдер» атты конференция өтті. Қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес...