Астанада «Jas Power» жастар жобасының 2026 жылғы қорытындысы таныстырылды

Астанада «Jas Power» жастар жобасының 2026 жылғы қорытындысы таныстырылды

Astana IT University-де жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беруге бағытталған «Jas Power» жобасының бір жылдық жұмысы қорытындыланды. Жиында Қазақстан жастарының азаматтық бірегейлігі туралы талдамалық баяндама ұсынылды, деп хабарлайды No-comment.kz – Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуге республикалық жастар ұйымдары мен оқу орындарының өкілдері, сарапшылар мен студенттер қатысты.

«Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық студенттер қозғалысының өкілдері баяндамаға негіз болған әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелерін бөлісті. Зерттеуде жастардың азаматтық бірегейлігі, олардың қоғамдық институттарға деген сенімі мен мемлекеттік рәміздерге көзқарасы қарастырылған.

Биыл «Jas Power» жобасы еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласын қамтыды. «Q-Idea» байқауының жеңімпаздары осы бастама аясында жүзеге асырған әлеуметтік жобаларын көпшілікке таныстырды.

Жиын соңында қатысушылар атқарылған жұмыстың нәтижесін талқылап, жобаны одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес...

Түркістан қаласының өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру барысында кәсіби инженерлік қызметтердің маңызы ерекше. Өндірістік нысандарды ұйымдастыру,...