Астанада «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ашылды

Астанада «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ашылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Көрменің мақсаты – оқырмандарға ғалымның құнды мұраларын кеңінен дәріптеу, шығармаларын таныстыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Кітап көрмесінде А.Байтұрсынұлы шығармаларының алты томдығы, «Әдебиет танытқыш», «Тіл тағылымы», «Ақ жол», «Маса», «Қырық мысал», «Жан сөзімді кім түсінер?», сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы», «Алаш мұрасы», «Арыстары Алаштың», «Алашорда» еңбектері және ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған басқа да зерттеу еңбектері қойылды.

Көрмеге жалпы 100-ден аса құнды басылым мен құжат ұсынылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...