Қызылорда облысы спортты дамытуда озық өңірлердің қатарында

Қызылорда облысы спортты дамытуда озық өңірлердің қатарында

Қызылордада дене шынықтыру мен спортты дамыту бағытында соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл үрдіс тек спортшыларды тәрбиелеу ғана емес, бүкіл өңір халқының денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылып отыр. Бүгінде бұл салаға бөлінетін қаржы көлемі мен құрылысы жүріп жатқан нысандар — нақты ілгерілеудің айғағы.

2024 жылы Қызылорда облысында спорт саласына жергілікті бюджеттен 38,2 млрд теңге бөлінді. Бұл – өңір тарихындағы ең ірі қаржыландыру көлемі. Қазіргі таңда 340 мыңнан астам тұрғын спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл – облыс халқының 40,4 пайызын құрайды. Облыста 33 спорт мекемесі жұмыс істеп, спорт резерві мен кәсіби спортшыларды дайындауға үлес қосып отыр.

Соңғы үш жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында тағы 6 жаңа нысан ауыл тұрғындарының игілігіне ұсынылмақ. Қызылорда қаласында ашылған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы мен ерлер мен әйелдерге арналған бокс клубы жастар үшін тың серпін болды.

Қазіргі таңда 26,5 млрд теңгеге салынып жатқан 11 мың орындық стадион қыркүйекте ашылады деп күтілуде. Сонымен бірге, «Qyzylorda Arena» деп аталатын көпбейінді спорт кешені де (20,5 млрд теңге) қарқынды салынуда. Мұнда халықаралық жарыстар өткізуге арналған 2 500 орындық арена, жүзу бассейні мен олимпиадалық залдар қарастырылған.

2023 жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына Траст» қорының қолдауымен 3,4 млрд теңгеге заманауи Теннис орталығы пайдалануға берілді. Жалағаш, Шиелі аудандарында күрделі жөндеу жұмыстары мен жаңа кешендердің құрылысы жүріп жатыр. «Қазақстан халқына» қоры арқылы 2,9 млрд теңгеге мүгедектігі бар жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы басталды.

Жоғарыда аталған жұмыстар Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай төрағалығымен өткен жиында оң бағаланып, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамалары басқа өңірлерге үлгі ретінде ұсынылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...