Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаздың жетіспеушілігіне қатысты шағымдар қабылдайтын жедел желі ашты

Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаздың жетіспеушілігіне қатысты шағымдар қабылдайтын жедел желі ашты

Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ кейбір жанармай құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының (автогаздың) қолжетімділігі бойынша азаматтардың өтініштерін тіркеуде, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп, алыпсатарлық пен отынның жасанды тапшылығын туғызуға бағытталған кез келген әрекеттерге қатаң тосқауыл қояды.

Бензин мен дизель отыны бойынша: министрлік барлық қажетті отын көлемі өңірлердің өтінімдеріне сәйкес жөнелтіліп, мұнай базаларында сақталып тұрғанын атап өтеді. Тапшылыққа себеп болатын объективті факторлар жоқ.

Сұйытылған мұнай газы бойынша: өндіруші зауыттардың бірінде жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстары министрлік тарапынан алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлер үшін қосымша көлемдер бөлінді. Сондықтан кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жүйелі тапшылықпен емес, ішкі бөлу және логистика мәселелерімен байланысты.

Егер сіз АИ-92 маркалы бензин бағасының негізсіз қымбаттауы немесе АЖҚС-та отынның болмауы сияқты жағдайларға тап болсаңыз, жедел желі телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: +77018550248.

Қоңыраулар тәулік бойы 24/7 форматында қабылданады. Әрбір өтініш мұқият қаралып, расталған жағдайда адал емес нарық қатысушыларына қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы...

Инициативы были организованы в образовательных учреждениях и нацелены на повышение ответственности молодежи за сохранение окружающей среды. В...

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Қалалық Білім басқармасына қарасты...