Жұмысқа орналасуға көмектесу тәсілі жетілдіріледі

Жұмысқа орналасуға көмектесу тәсілі жетілдіріледі
1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары адамның білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын жан-жақты қарап, соған сай бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады.

Егер адамға лайықты жұмыс 13 күн күтпей-ақ табылса, осы мерзімнің аяқталуын күтудің қажеті жоқ.

Бос жұмыс орындарын ұсынумен қатар, азаматқа оқуға қатысу, субсидияланатын жұмыс орнына орналасу және басқа да қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін.

Бірінші қадам жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу. Ол үшін мансап орталығына жүгінуге, eGov арқылы немесе Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz порталында тіркелуге болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында энергетика министрі Ерлан...

Үкімет отырысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздеріндегі ағымдағы нәтижелер мен отын қорлары...