ТЖМ басшысы: Құтарыстағы жаңа өртке қарсы құралым - мемлекет пен бизнес серіктестігінің мысалы

ТЖМ басшысы: Құтарыстағы жаңа өртке қарсы құралым - мемлекет пен бизнес серіктестігінің мысалы

Түркістан облысының Құтарыс ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынған жаңа ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Салтанатты рәсімге төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Нұралхан Көшеров және жергілікті бизнес өкілдері қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды, олар нысанды салуға және жабдықтауға өз қаражаттарын салды. Бастаманы іске асыруға белсене қатысқаны үшін инвестор Роман Ниязалиев ТЖМ-нің ведомстволық наградасымен наградталды

«Біз салып жатқан барлық жобалардың ішінде бұл ең өмірлік маңызы бар жоба. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы туралы білген соң, біз оған қатысуды ұйғардық және бұл бастамаға басқа да кәсіпкерлер қосылады деп үміттенеміз», — деді Роман Ниязалиев.

«Кәсіпкерлердің сыртта қалмай, бізбен бірге ерікті өрт сөндіру бекеттері желісін дамытып жатқаны қуантады. Кәсіпкерлердің өз ауылдарының қауіпсіздігіне инвестиция салуы — бұл әлеуметтік жауапкершіліктің ең жақсы мысалы», — деп төтенше жағдайлар министрі атап өтті.

Еріктілер ТЖ министрлігінен өрт сөндіру цистернасын, арнайы киім, жедел көлік және байланыс құралдарын алды. Ғимаратта кезекшілер бөлмесі, асхана, спорт залы, душ және демалыс бөлмесі қарастырылған. Жаңа бекет Құтарыс округіндегі алты ауылға қызмет көрсетеді, онда шамамен 8 мың адам тұрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...