Тарихи жетістік: Елена Рыбакина - WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанған Азиядағы алғашқы теннисші

Тарихи жетістік: Елена Рыбакина - WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанған Азиядағы алғашқы теннисші

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өткен 2025 жылғы WTA қорытынды турнирінің финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Матчтың есебі: 6-3, 7-6. Екінші сеттегі тай-брейкте отандасымыз барлық ұпайды еншілеп, матчты сенімді жеңіспен аяқтады.

Осы жеңістің арқасында Рыбакина  рейтингте 1500 ұпайға ие болды. Бұл жетістік - Қазақстан теннисі тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, 1972 жылдан бері өтіп келе жатқан турнирде бірде-бір азиялық теннисші чемпион атанбаған. Сондай-ақ, Елена Рыбакина - биылғы маусымда алғашқы ондықтағы қарсыластарын ең көп жеңген теннисші. Ол қатарынан 7 матчта жеңіске жетіп отыр.

Осылайша, Рыбакинаның жекелей санаттағы жүлде саны 11-ге жетті. Олардың қатарында WTA 1000 турнирлері мен Уимблдондағы тарихи жеңісі бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...