Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтті

Отырыс барысында қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен ондағы ұсынылған түрлі жобалардың елді дамытуға деген мүмкіндігі барысын саралады. Сондай-ақ, саяси жүйенің қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымағы мен жаңартудағы маңызды кезеңдерді қарастырды.
Саяси кеңес мүшелері Ата заңды талқылау қоғамның жаңаруға және Қазақстанның қазіргі даму кезеңіне сай тұрақты шешімдер мен мүмкіндіктерді іздеуге деген сұранысын жоғарлатқанын атап өтті.
Сонымен бірге, талқылауға арналған отырыс кезінде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің логикасы, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын күшейтуге, мемлекет пен қоғам арасындағы келісімнің жоғарылығы туралы айтылды. Жиынға қатысушылар Конституцияда бекітілетін нормалар әлеуметтік салада, еңбек қатынастарында және азаматтардың өмір сапасын арттыру нақты іске асырдуы тиіс жұмыстар екенін атап өтті.
Реформаның институционалдық қырларына да ерекше назар аударылды. Қатысушылар билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты моделін қалыптастырудың маңызына тоқтплып, өкілетті органдардың рөлін күшейту және мемлекеттік институттарда қабылданатын шешімдерге деген жауапкершіліктерінің жоғары болуы қажет екенін талқыға салды.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасын әзірлеу форматының өзі мазмұнды қоғамдық жүйенің сараптамалық диалогқа мүмкіндік беретіні маңызды екені айтылды. ЖСДП Саяси кеңесінің пікірінше, мұндай тәсіл әртүрлі көзқарастар мен өңірлік тәжірибеге сүйенген байыпты әрі ұзақ мерзімді шешімдер қабылдауға жол ашады.
Отырыс қорытындысы бойынша ЖСДП Саяси кеңесі конституциялық реформаның негізгі бағыттары бойынша ортақ ұстаным қалыптастырып, болашақта талқылауға түрлі ұсыныстарды сараптамалық тұрғыда пысықтау үшін белсенділік танытуға дайын екенін білдірді.
Отырыс іскерлік және конструктивті жағдайда өтті. Бұл ЖСДП-ның саяси әлеуетінің тұрақты әрі кез келген іске жауапкершілікпен қатысуға дайын екендігін көрсетеді. Әлеуметтік бағыттағы, құқықтық мемлекетті дамытуға ниетті ЖСДП тағы бір мәрте өзінің ұстанымын ашық әрі шынайы көрсетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...