Қазақстан Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын қолдады

Қазақстан Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын қолдады

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық етті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға еліміздің белгілі қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Қатысушылар реформалардың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасып, қоғамға, мәдениетке және шығармашылық салаға қатысты көзделген нормаларды, сондай-ақ азаматтық институттардың орны мен жауапкершілігін талқылады.

Кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасына қатысты шығармашылық зиялы қауымның ұстанымын жүйелеп, оны қоғам назарына ұсыну. Пікірталас барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сөз және шығармашылық еркіндігін нығайту туралы  айтылды. Сондай-ақ құқықтық реформалардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызы ерекше атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасында ұсынылған бағыттар мен реформаларды қолдайтындарын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...