Қазақстан мен Өзбекстан атмосфералық ауаның сапасы мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Өзбекстан атмосфералық ауаның сапасы мәселелерін талқылады

2026 жылғы 31 қазанда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері «Қазгидромет» РМК өкілдерімен бірлесіп, Шымкент және Сарыағаш қалаларында өткен жұмыс кездесуіне қатысты. Кездесу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту және атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мәселелеріне арналды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қатысушылар шекара маңындағы аумақтарда атмосфералық ауа мониторингін жүргізу, ақпарат алмасу және екі елдің бейінді ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Өзбекстанда атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға бағытталған шараларды талқылауға және тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар Өзбекстан Республикасының Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеті мен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы бірлескен жұмыс тобы туралы ереже жобасын, сондай-ақ «Таза ауа» бастамасын қарастырды.

Кездесу Қазақстан мен Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайту, практикалық тәжірибе алмасу және атмосфералық ауа сапасының мониторингін жетілдіру жолындағы маңызды қадам болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Алматыға жұмыс сапары аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма...

2026 жылғы 31 қазанда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері «Қазгидромет» РМК өкілдерімен бірлесіп, Шымкент және Сарыағаш қалаларында өткен жұмыс кездесуіне...

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер...