Шымкентте алғаш рет «Qaraquiz» зияткерлік сайысы өтті

Шымкентте алғаш рет «Qaraquiz» зияткерлік сайысы өтті

Шымкент қаласында жастардың білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған жаңа форматтағы жоба іске қосылды. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында алғаш рет «Qaraquiz» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.

Сайыстың негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясы, «Заң мен тәртіп» қағидасы және «Цифрлы Қазақстан» бағыттары аясында студенттердің құқықтық мәдениетін көтеру, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру және цифрлық сауаттылығын дамыту. Сонымен қатар жоба жастар арасында зияткерлік ортаны қалыптастыруды көздейді.

Білім бәйгесіне қаладағы 9 жоғары оқу орнынан 20 команда, шамамен 100 студент қатысып, логикалық ойлау, тарих пен әдебиет бойынша білімдерін және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.

Сайыстың бас қолдаушысы – «Daryn sells» компаниясының «Дарын» онлайн білім беру платформасының дамыту бөлімінің басшысы Қуатбай Байдібек жастардың белсенділігіне жоғары баға беріп, білімді студенттерді жұмысқа шақырды.

Алты кезеңнен тұрған дода қорытындысы бойынша:
І орын – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Bolashaq PO» командасына,
ІІ орын – Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің «Қыран» командасына,
ІІІ орын – Орталық Азия инновациялық университетінің «Madeli kozha 137/1» командасына бұйырды. Жеңімпаздар суперфиналға жолдама алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта «Qaraquiz» колледждер мен мектеп оқушылары арасында да өткізілмек.

Мұндай зияткерлік жобалар жастардың құқықтық сауатын арттырып, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды өндірістік нысанды аралап,...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды...

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...