Шымкенттік ақындар Жаңа Конституцияны өлеңмен талдап жатыр

Шымкенттік ақындар Жаңа Конституцияны өлеңмен талдап жатыр

Елімізде жүзеге асырылып жатқан қоғамдық-саяси бастамалар мен жалпыхалықтық деңгейде талқыланып жатқан маңызды мәселелерде қоғам да қарап қалып жатқан жоқ. Белсенді азаматтар өз пікірлерін білдіруде. Шымкенттік ақындар да бұл үдерістен тыс қалған жоқ. Олар ел болашағына қатысты ой-тұжырымдарын дәстүрлі жыр үлгісімен өрнектеп, өзекті тақырыптарды өлеңмен өрнектеп жеткізіп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов, Анар Жаппарқұлова ақындардың елдік мүдде, мемлекеттік тілдің мәртебесі, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдық тұтастық мәселелерін арқау еткен өлең жолдарын жария етті.

Шымкенттік ақындар тәуелсіз мемлекет ретінде қабылданатын әрбір маңызды шешім халықтың тарихи санасы мен ұлттық болмысына негізделуі тиіс деген ойды алға тартады.

«Тәуелсіздік алғалы ана тілде,
Жазылған алғаш заңы екен елдің» деген өлең жолдары, әсіресе, тәуелсіздік кезеңінде тұңғыш рет заңның қазақ тілінде қабылдануын атап көрсетіп, мемлекеттік тілдің заң шығару ісіндегі нақты мәртебесін айқындауға бағытталған.

Сонымен қатар дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтау, ұлттық тәрбие институтын нығайту, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету сынды бағыттар да ақындар назарынан тыс қалмапиы. Олар тарихи тамырдан ажырамай, заман талабына сай даму қажеттігін тілге тиек етіп, ел бірлігін басты ұстаным ретінде көрсетеді.

Жер мен табиғи байлықтың халық игілігіне қызмет етуі, әлеуметтік әділдік қағидаттарының сақталуы мәселесін де ақындар тілге тиек етіп, атап көрсетеді.

Жалпы, ақындардың азаматтық ұстанымы - қазақ поэзиясының ежелгі дәстүрімен сабақтас. Қай кезеңде де сөз иелері халықтың ой-тілегін жеткізіп, елдік мәселелерде үн қосып отырған. Бүгінгі шығармашылық өкілдері де осы үрдісті жалғастырып, қоғамдық пікір алаңында белсенділік танытып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...