Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының сахнасында Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы көрерменге алғаш рет қазақ тілінде жол тартты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

​Туынды Жан Коктоның пьесасы негізінде жазылған. Бұған дейін шығарма ағылшын, италия, орыс, испан, жапон, кәріс және украин, тіпті ым-ишара тілдерінде сахналанса, бүгін бұл қатарға қазақ тілі де қосылды.

2023 жылы пьесаны М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Дауыс» деген атаумен сахналаған. Қойылымды қазақ өнерінің майталманы Тұңғышбай Жаманқұлов аударып, режиссер Барзу Абдуразаков сахналап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген еді.

​Ал бүгін аталған туынды жаңа форматта моноопера жанрында көрерменге ұсынылып отыр.

​Кештегі жалғыз кейіпкердің монологын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп орындайды. Күрделі вокалдық партияны дайындауға белгілі ұстаз, әнші Галина Қарамолдаева атсалысқан.

Операны белгілі дирижер Қанат Омаров бастаған Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сәтті сүйемелдеп, сапалы музыка ұсынды. Қойылым режиссері – Фархат Молдағали.

Кеш соңында шығармашылық ұжымға ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан ықылас гүлі табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...