Астанадағы шайбалы хоккей матчында ұлттық бірлік пен спортты қолдау құндылықтары дәріптелді

Астанадағы шайбалы хоккей матчында ұлттық бірлік пен спортты қолдау құндылықтары дәріптелді

Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының бастамасымен отандық спортты қолдауға және елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мән-маңызын түсіндіруге бағытталған қоғамдық акция өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Елордадағы «Барыс Арена» мұз айдынында Құрлықтық хоккей лигасы аясында өткен Астананың «Барысы» мен Қытайдың Shanghai Dragons командалары арасындағы матчта трибунада көлемі 12×24 метр Қазақстанның Мемлекеттік Туы жайылды. Бұл бастама спорт аренасы елдік мүдде мен бірлік идеясын ұлықтайтын маңызды орта екенін көрсетті.

Іс-шара аясында конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған көрнекі перформанс ұйымдастырылып, «Жаңа Конституция үшін!» деген жазуы бар ту көтерілді. Акцияға қатысушылар елдің жаңғыру бағытын қолдайтынын айтып, реформалардың қоғамдық маңызын атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар спорт арқылы азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, ашық диалогты дамытуға және қоғамды ортақ стратегиялық мақсаттарға жұмылдыруға ықпал етеді.

Акция жоғары ұйымшылдық деңгейінде, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілген жағдайда өтті. Қоғамдық іс-шара спорт жанкүйерлерін, қоғам өкілдерін және белсенді азаматтарды ортақ мақсат төңірегіне топтастырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...