ТЖМ басшысы Жамбыл облысындағы Дағдарыс орталығының дайындығын тексерді

ТЖМ басшысы Жамбыл облысындағы Дағдарыс орталығының дайындығын тексерді

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің жаңартылған Дағдарыс орталығының жұмысымен танысты. Ведомство басшысына Жоспарлау және жедел басқару орталығының операциялық залы көрсетілді. Ол заманауи жабдықтармен және цифрлық мониторинг жүйелерімен жарақталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жүргізілген жаңғырту жұмыстары төтенше жағдайларды жою кезінде күштер мен құралдарды үйлестіру тиімділігін айтарлықтай арттырғаны атап өтілді. Жаңартылған инфрақұрылым тұрақты байланысты, жедел ақпарат алмасуды және басқару шешімдерін нақты уақыт режимінде қабылдауды қамтамасыз етеді. Дағдарыс орталығында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған, қызметкерлердің үздіксіз жұмыс істеуі мен ықтимал қауіптерге жылдам әрекет етуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Осындай дағдарыс орталықтарын құру және жаңғырту ведомство басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда еліміздің 20 өңірінде Төтенше жағдайлар департаменттері базасында осындай орталықтар жұмыс істейді. Бұл республика бойынша төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындық деңгейін арттырып, басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар министр жеке құраммен жұмыс кеңесін өткізді. Кездесу барысында өңірдегі азаматтық қорғау жүйесін одан әрі дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту және жедел әрекет ету қызметтерінің жұмысына заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша бөлімшелердің жұмыс тиімділігін арттыруға және Жамбыл облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...