Маңызды әңгіме: Шымкент полициясының басшысы студенттермен кездесті

Маңызды әңгіме: Шымкент полициясының басшысы студенттермен кездесті

Оңтүстік Қазақстан университетінде қалалық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев 500-ге жуық студентпен кездесу өткізіп, ашық әрі мазмұнды диалог құрды.
Жиында генерал жастармен тек ресми баяндама жасап қана қоймай, қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған нақты мәселелерді талқылады . Атап айтқанда, сталкинг, қыз алып қашу, интернет-алаяқтықтағы «дропперлік» схемалар, есірткі тарату, вейп пен «күлдіргіш газ» қолдану, қоғамдық орындарда бет-жүзді тұмшалау және самокат жүргізу мәдениеті сөз болды.

Полицей сталкингтің қылмыс ретінде заңмен қарастырылатынын атап өтіп, қыз алып қашу дәстүр емес, адам құқығын бұзу екенін қадап жеткізді.
Сондай-ақ, интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа тоқталған полиция басшысы жастарды «оңай табыс» ұсыныстарына алданбауға шақырды. Банк картасын бөтен адамға беру қылмысқа ортақтасумен тең екенін түсіндірді. Бұдан бөлек, есірткі қоюшы болу да ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Кездесу барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы заң талаптары түсіндірілді. Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
– Қоғамның қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Сіздер – елдің ертеңісіздер. Біз сіздерге сенеміз және әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Мұхтар Қожаев.

Кездесу жастарға ой салған мазмұнды алаңға айналды. Тәртіп сақшылары студенттермен профилактикалық кездесулерді алдағы уақытта да жалғастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...