Жоғары технологиялық кардиологиялық көмек: өңірлердегі қолжетімділік және сапа

Жоғары технологиялық кардиологиялық көмек: өңірлердегі қолжетімділік және сапа

Қанайналым жүйесінің аурулары (ҚЖА) Қазақстан Республикасы халқының сырқаттанушылығы мен өлімінің құрылымында жетекші орын алады. Бұл профилактикалық жұмысты да, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті де дамытудың жоғары қажеттілігін анықтайды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Семей университеті госпиталінің кардиохирургия бөлімшесінде 2025 жылы 101 ашық жүрекке операция, оның ішінде:

- 81 коронарлық артерияны шунттау;
- қолқа мен митралдық қақпақшаларды 20 ашық ауыстыру жасалды.

Жоғары технологиялық медициналық көмек шеңберінде 19 бағыт бойынша 140 араласу жүргізілді.

Университет госпиталінің кардиохирургиялық қызметі Абай облысының тұрғындары үшін кардиологиялық көмек көрсету жүйесінің негізгі буынына айналды.

Технологияларды трансферттеу және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ауруханаға Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев бастаған дәрігерлер тобы келді.

Делегация кардиохирургия бөлімшесінің, рентген-эндоваскулярлық зертхананың және балалар стационарының — өңірдегі балаларға арналған жалғыз көпбейінді медициналық мекеменің жұмысымен танысты.

Мастер-класс шеңберінде жоғары технологиялық операциялар:
-жасанды қанайналым жағдайында шағын қолжетімділік арқылы митралдық қақпақшаның пластикасы;
-жасанды қанайналым жағдайында шағын қолжетімділік арқылы қолқа қақпақшасын протездеу жүргізілді.

Бұған дейін ведомство алқасында министр МСАК деңгейінде ҚЖА профилактикасы мен ерте диагностикасын күшейтуді, өңірлерде кардиохирургиялық көмектің қолжетімділігін кеңейтуді, осы қызметтің кадрлық әлеуетін нығайтуды, сондай-ақ пациенттерді уақтылы бағыттау үшін үйлестіруді күшейтуді тапсырған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік, инженерлік және...

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Алматыға жұмыс сапары аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма...

2026 жылғы 31 қазанда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері «Қазгидромет» РМК өкілдерімен бірлесіп, Шымкент және Сарыағаш қалаларында өткен жұмыс кездесуіне...

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер...