Президент Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айында Қатар Әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан негізгі су...