ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Инвестициялық штаб отырысында стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Отырыс барысында экономиканың негізгі салаларындағы, оның ішінде жаңартылатын энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ химиясы, сондай-ақ көлік және логистика салаларындағы жобаларды жүзеге асырудың ашық мәселелері талқыланды.

Ірі инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекет пен инвестордың өзара міндеттемелерін бекітетін және жобаларды жүзеге асырудың құқықтық тұрақтылығын қамтамасыз ететін Инвестициялар туралы келісім негізгі құралдардың бірі болып саналатыны атап өтілді.

Жалпы алғанда, инвестициялық штабта қаралатын мәселелер туындайтын кедергілерді жедел шешуге және өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға әрі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал ететін инвестициялық бастамаларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Алматыға жұмыс сапары аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма...

2026 жылғы 31 қазанда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері «Қазгидромет» РМК өкілдерімен бірлесіп, Шымкент және Сарыағаш қалаларында өткен жұмыс кездесуіне...

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер...