Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті Мирьяна Споляричпен кездесті

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті Мирьяна Споляричпен кездесті

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейтарап мандат негізінде әрекет ететін Халықаралық Қызыл крест комитетінің бірегей сипатына тоқталып, гуманитарлық көмекті саясиландыруға болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Халықаралық Қызыл крест комитеті дүние жүзіндегі гуманитарлық ынтымақтастық жүйесінде аса маңызды рөл атқарады. Халықаралық құқық нормаларын нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқаратын Ұйым мен басқа да халықаралық беделді құрылымдар баршаға ортақ адамзат құндылықтарын насихаттауға елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, бұл іс адамдар көмекке мұқтаж аймақтарда өте маңызды, – деді Президент.

Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама көтерген алты мемлекеттің бірі саналады. Бұл ретте соғыс кезіндегі адамгершілік тақырыбы бойынша жыл соңына қарай Иорданияда өтетін жоғары деңгейдегі Конференцияға дайындық мәселелері пысықталды.

Мирьяна Сполярич Халықаралық Қызыл крест комитетінің қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, тоқсаныншы жылдардан бері еліміз бен Ұйым арасында қалыптасқан сындарлы диалог дәйекті түрде дамып келеді.

– Мемлекеттердің қолдауы өте маңызды. Сіз мұны орынды атап өттіңіз. Женева конвенциясына барша ел қатысады. Алайда бұл құжаттың ықпалы аталған нормаларды мемлекеттердің қаншалықты қорғап, қолдауға әзірлігіне байланысты, – деді ХҚКК басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мирьяна Сполярич халықаралық және гуманитарлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан мен Ұйым арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Алматыға жұмыс сапары аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма...

2026 жылғы 31 қазанда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері «Қазгидромет» РМК өкілдерімен бірлесіп, Шымкент және Сарыағаш қалаларында өткен жұмыс кездесуіне...

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер...