Қонаев гарнизонында роталық тактикалық оқу-жаттығу өтті

Қонаев гарнизонында роталық тактикалық оқу-жаттығу өтті

«Шошқалы» полигонында 32363 әскери бөлімінің жеке құрамы оқу-жауынгерлік тапсырмалар кешенін орындады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілер шартты қарсыласқа атыс соққысын ұйымдастырып, әр түрлі штаттық қару-жарақтан оқ ату жаттығуларын пысықтады.

– Роталық тактикалық оқу-жаттығу – жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі. Жеке құрам тапсырмаларды ұрыс қимылына барынша жақын жағдайда орындады. Бізге бөлімшенің үйлесімді іс-әрекеті және бұйрықтардың нақты орындалуы маңызды болды, – деді 32363 әскери бөлімінің рота командирі гвардия капитаны Ақниет Шышнаби.

Жалпы оқу-жаттығу бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, командирлердің бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіруге, жеке құрамның кәсіби шеберлігі мен далалық машығын дамытуға бағытталды.

Оқу-жаттығу қорытындысына келсек, бөлімшелердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетіне, олардың үйлесімді іс-қимыл деңгейі мен міндеттерді мақсатқа сай орындауға дайындығына нақты баға берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Министрлікте Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Мұздыбекованың төрағалығымен "Әйелдер —ел дамуының және отбасы құндылықтарының негізгі тірегі» тақырыбында...

Қазақстан Республикасының Конституциясы тарихи және мәдени құндылықтарды қорғауды мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындайды. Ұлттың...