Көлік министрлігінде «Әйелдер —ел дамуының және отбасы құндылықтарының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Көлік министрлігінде «Әйелдер —ел дамуының және отбасы құндылықтарының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Министрлікте Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Мұздыбекованың төрағалығымен "Әйелдер —ел дамуының және отбасы құндылықтарының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға министрліктің әйел мемлекеттік қызметшілері қатысып, қоғамдағы әйелдердің рөлі, кәсіби даму және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтегі әйелдердің әлеуетін арттыру, олардың кәсіби және қоғамдық белсенділігін қолдау, сондай-ақ отбасы институтының маңыздылығын насихаттау болды.

Іс-шара барысында гендерлік теңдік мәселелері және әйелдердің мемлекеттік қызметтегі үлесі туралы ресми мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, елімізде әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық нормалардың қабылданғаны және олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған мемлекеттік саясаттың маңыздылығы атап өтілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік басқару жүйесінде әйелдердің рөлін арттыру, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы бірлігін нығайту және ұрпақ тәрбиесіндегі әйелдердің ерекше рөлі туралы да айтылды.

Семинар соңында әйелдердің қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызды күш екені атап өтіліп, гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету және әйелдердің кәсіби дамуын бұдан әрі қолдау бағытындағы жұмыстарды іске асыруға атсалысуға үндеу тасталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Министрлікте Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Мұздыбекованың төрағалығымен "Әйелдер —ел дамуының және отбасы құндылықтарының негізгі тірегі» тақырыбында...

Қазақстан Республикасының Конституциясы тарихи және мәдени құндылықтарды қорғауды мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындайды. Ұлттың...