Шымкентте 25 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Шымкентте 25 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Шымкент қаласында жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары 17-ге артып, 785-ке жетті. Білім мекемелерінде 2021-2022 оқу жылы 350 мыңға жуық білім алушылармен басталғалы отыр. Балалар саны өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға атрқан. Ал, 1 сыныпқа 25 005 бала қабылданған. Бұл туралы бүгін білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Басқарма басшысы аталған білім мекемелерінің 526-сы балабақша, 203-і мектеп, қалған 32-сі колледж болып табылатынын толықтырып өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

«1-қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта оқыту жоспарлануда. Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады, бұл ретте мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат етіледі. Білім қоры арқылы мектеп формасына бір реттік қаржылай көмек қаладағы 57 466 балаға беріледі. 30 мың теңге көлеміндегі қаржы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасыға және басқа санаттағы балаларға берілетін болады»,-деді Ж.Тажиева.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...