Шымкенттегі білім ұйымдары 100 пайыз Ashyq жобасына қосылды

Шымкенттегі білім ұйымдары 100 пайыз Ashyq жобасына қосылды

Бұл туралы бүгін жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг кезінде білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева хабарлады.

Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жайын баяндаған бас мұғалім қаладағы білім мекемелері дәстүрлі форматта оқытуға дайын екеніне тоқталып өтті.

«Білім ұйымдарында күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және маска режимі сақталады. Білім басқармасына қарасты 785 білім ұйымдары «Ashyq» жобасына 100% қосылды. Педагогтер мен техникалық персоналдар 100% вакциналанды. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда. Білім беру ұйымдарына бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады. Бір сынып - бір кабинет талаптары сақталады»,-деді спикер.

Айта кетейік, егер білім алушы ауырған жағдайда сынып қашықтықтан оқытуға жіберіледі. Науқас және байланыста болған ата-аналар жағдайында балалар қашықтықтан білім алады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...