Шымкентте жаңа оқу жылында 19 мектеп пайдалануға беріледі

Шымкентте жаңа оқу жылында 19 мектеп пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында биылғы жылы 12 714 орынға арналған 23 мектеп пайдалануға тапсырылады. Оның ішінде 19 жаңа мектеп қыркүйек айында оқушыларға есігін ашады. Бұл туралы бүгін жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг кезінде білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева мәлім етті.

Спикердің айтуынша, пайдалануға берілетін білім мекемелерінің төртеуі мемлекеттік, 19-ы жекеменшік. Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға, мектебі жоқ елдімекендер 13-тен 11-ге және ыңғайластырылған ғимараттағы мектептер саны 5-тен 4-ке төмендейді екен, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

«2021-2025 жылдар аралығында сапалы білім беруге жағдай жасау мақсатында 72 мектеп құрылысы жүргізілетін болады. Ал, күрделі жөндеу 4 нысанда жүргізілуде және 28 мектептің ауласына спорт алаңдары орнатылуда. Қысымдау жұмыстары 258 мемлекеттік білім ұйымдарында 100% аяқталды»,-деді басқарма басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...