Барлығы ашық әрі әділ өтуде – халықаралық байқаушы референдумда дауыс беру туралы

Барлығы ашық әрі әділ өтуде – халықаралық байқаушы референдумда дауыс беру туралы
«Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында Зияфет Аббас Оглу Аскеров – Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПАА) атынан халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі – дауыс беру үдерісінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы айтып, сайлаушылар белсенділігін бағалады.

«Біздің Қазақстанға келгенімізге үшінші күн болды. Бүгін таңертең бақылау жұмысымызды бастап, бірнеше сайлау учаскесіне бардық. Соның алғашқысы – №128 учаске. Біз учаскенің ашылуына қатыстық. Барлығы ашық, әділ және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өтті. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған, әсеріміз жақсы», – деді Зияфет Аббас Оглу Аскеров.

Оның айтуынша, сайлаушылардың көңіл күйі жақсы. Халықаралық байқаушылар олармен әңгімелесуге де мүмкіндік алған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үлкен нарықтағы барлық тұтынушыға бірдей ұсыныс жасау әрдайым тиімді емес. Адамдардың табыс деңгейі, жасы, қажеттілігі, сатып алу әдеті және белгілі бір өнімге...