Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек көрсетпек

Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек көрсетпек

Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарды қауіпсіздік қамтамасыз етуде әскери техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау мәселесі қаралды.

«Аталған келісімге 2021 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтанда қол қойылды. Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Тәжікстанға әскери мүлікті өтеусіз беру түріндегі әскери көмек көрсететін болады. Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдап, тиісті қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.

Бұл ұсынысты дауыс беру қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары қолдады.

Егер Парламент заң жобасын бекітсе, Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек ретінде 3 миллионнан астам қару-жарақ беретін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан өңірлерінде жыл соңына дейін нефрология бойынша құзыреттілік орталықтарын ашуды, диализдік көмектің сапасын...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы...