ДДСҰ саяхат үшін вакцина паспорттарын енгізуге рұқсат береді

ДДСҰ саяхат үшін вакцина паспорттарын енгізуге рұқсат береді

Вакцина жетпей жатқанда егу паспортын саяхаттаудың шарты ретінде талап ету кемсітушілік болады, бірақ уақыт өте келе енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс Женевада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлады Kaz.tengritravel.kz.

«Біз вакциналардың тең бөлінбеуіне байланысты егу паспорттарын саяхат шарты ретінде пайдаланғымыз келмейді. Бұл адамдарды алалау құралы болар еді және көмектеспес еді», - деді ол.

Оның айтуынша, болашақта вакциналар бүкіл әлемге қолжетімді болған кезде егу паспорты енгізілуі мүмкін. ДДҰ қазірдің өзінде мемлекеттермен осындай құжаттың бірыңғай нұсқасын шығару үшін жұмыс істеуде.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан өңірлерінде жыл соңына дейін нефрология бойынша құзыреттілік орталықтарын ашуды, диализдік көмектің сапасын...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы...