Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы жеделхатта Король күні мерекесінде көрініс тапқан ұлттық ынтымақ пен бірлік құндылықтарының арқасында Нидерланд алдағы уақытта да өсіп-өркендей беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстан – голландықтардың өнері мен мәдениетінде тамыр жайған қызғалдақтың түп отаны. Бүгінде ол халықтарымыз арасындағы достықтың символына айналды. Біз Нидерландпен арадағы уақыт тезінен өткен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз әрі қос халықтың игілігі үшін түрлі саладағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілміз, – делінген хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Виллем-Александрдың игі бастамаларына табыс, сондай-ақ Король отбасы мен Нидерланд халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының (DCAS)...

Президент жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді Премьер-министр...