Шымкентте пробация есебіндегі азаматтар мен алимент борышкерлерін жұмыспен қамту шаралары өтті

Шымкентте пробация есебіндегі азаматтар мен алимент борышкерлерін жұмыспен қамту шаралары өтті

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдармен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ алименттік міндеттемелері бар борышкерлерді жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізді.

Іс-шараларға инвесторлар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысып, аталған санаттағы азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді.

Жұмыс барысында түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып, бос жұмыс орындарын іріктеуге жәрдем көрсетілді, алимент бойынша борышкерлермен атаулы жұмыс жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың бір бөлігі жұмысқа орналастырылып, бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне және сот актілерін орындауына ықпал етуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект енгізу...