Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады

Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады

Алматы қаласы

Кездесу барысында Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту және халықаралық технологиялық платформалар аясындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналу жөнінде өршіл мақсат қойғанына назар аударды.

Алматыда өтіп жатқан Орталық Азиядағы алғашқы GITEX AI Central Asia & Caucasus форумы осы стратегиялық бағдардың айқын мысалы саналады және еліміздің жаһандық технологиялық күн тәртібін қалыптастыру ісіне атсалысуға дайын екенін көрсетеді.

Кездесуде Алматының технологиялық хаб ретіндегі рөліне айрықша мән берілді. Бұл қалада еліміздегі IT-компаниялардың үштен бірі шоғырланған. Дамыған экожүйе құрамында белсенді стартаптар, инвесторлар мен халықаралық ойыншылар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Трикси Лохмирмандтың GITEX AI Central Asia & Caucasus форумын халықаралық деңгейде ілгерілетуге сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті аталған алаң технологиялық нарықтың негізгі қатысушыларының басын қосып, жаңа серіктестіктер табуға жол ашатынын атап өтті.

Әңгімелесу барысында GITEX AI Central Asia & Caucasus алаңын Орталық Азияда жыл сайын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстанда басқа да өңірлік ауқымдағы іс-шаралар өткізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...