Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Алматы қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қолға алған Defense Tech жобасы таныстырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Defense Tech бастамасы Қарулы Күштердің және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін отандық технологиялық шешімдерді анықтау, іріктеу және жедел дамыту жөніндегі инновациялық экожүйе құруды көздейді.

Жоба аясында инновациялық командалармен және ғылыми-техникалық ұйымдармен тұрақты жұмыс механизмі қалыптасады.

Astana Hub алаңында Defense Tech үйлестіру кеңсесі ұйымдастырылған. Бұл Қорғаныс министрлігі, технологиялық кәсіпкерлер, ғылыми ұйымдар және индустриалдық серіктестер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Бастаманы ілгерілету аясында Алматыдағы Армия Үйі базасында мультифункциональды инновациялық хаб – Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды. Мұнда отандық ІТ компаниялар мен стартап командалардың қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы озық технологиялық шешімдері мен перспективті әзірлемелері ұсынылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Алматыға жұмыс сапары аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма...

2026 жылғы 31 қазанда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері «Қазгидромет» РМК өкілдерімен бірлесіп, Шымкент және Сарыағаш қалаларында өткен жұмыс кездесуіне...

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер...