Қазақстанда қуаты 200 МВт дейінгі дата-орталық салу туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстанда қуаты 200 МВт дейінгі дата-орталық салу туралы меморандумға қол қойылды
GITEX AI халықаралық технологиялық форумы аясында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Dornan Engineering Group пен Ample Solutions Hong Kong (Turner Company) компанияларынан құралған халықаралық консорциуммен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Меморандум аясында Қазақстан аумағында Tier III–Tier IV деңгейіндегі жоғары сенімді деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) салу жобасын іске асыру көзделген. Нысанның жоспарлы қуаттылығы 50-ден 200 МВт-қа дейін жетеді. Қуаттылығы 200 МВт (Tier IV деңгейі) болатын дата-орталық құрылысына тартылатын инвестицияның болжамды көлемі 1,5-3 млрд АҚШ долларын құрайды. 

Жобаны тұрақты және дербес энергиямен қамтамасыз ету мақсатында қуаттылығы 250 МВт-қа дейін болатын газ электр станциясын салу жоспарланған. Бұл бағыттағы инвестиция көлемі 200-ден 400 млн АҚШ долларына дейін бағалануда. 

Қазіргі таңда жобаның орналасатын жері таңдалып жатыр. Басымдық газ инфрақұрылымына жақын орналасқан алаңдарға беріледі, бұл энергияны тиімді өндіруге және нысанның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге жол ашады.

«Қазақстанның бірегей географиялық орналасуы, салқын климаты мен электр энергиясының салыстырмалы түрде қолжетімділігі халықаралық деректерді өңдеу орталықтарын орналастыру мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды», – деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Бұл жобаны іске асыру еліміздің цифрлық инфрақұрылымын ілгерілетуге, шетелдік инвестиция тартуға және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі беделін нығайтуға септігін тигізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көру саны:3, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) елдерімен тауар айналымы $8,8...

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы Мемлекет басшысына Қарағанды облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге...

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Амур есімді аталық жолбарыс табиғи...