Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан-Түрікмен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қаралды

Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан-Түрікмен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қаралды

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нөкерғұлы Атағұлыевтің тең төрағалығымен Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, мұнай-газ салаларын және білім беру, мәдениет мәселелерін талқылады.

ҚР вице-премьері Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан екіжақты қатынастардың барлық бағытын дамытуға дайын екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Комиссия отырысының аясында екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттары мен іскер топтарының өкілдерін біріктірген Қазақстан-Түрікмен бизнес-форумы өтті. Іс-шараға 40-қа жуық түрікмендік және 100 қазақстандық компания қатысты.

Бизнес-форум қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды: 

  • «QazTrade» ССДО» АҚ мен Түркіменстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандум;
  • «Silk Way Asia Trade» ЖШС мен «Hazar Logistik» ҚҚ арасында, сондай-ақ «Silk Way Asia Trade» ЖШС мен ЖК «Gamma»арасында электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтар;
  • «Ashra Solutions» ЖШС мен «Ojar Aziýa» ЖК арасында инвестиция-құрылыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...