ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушыға көрсетілмеген қызмет үшін төленген 1,69 млн теңгені қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Елорда тұрғыны актерлік шеберлікті үйрену және фильм түсіріліміне қатысу үшін жеке кәсіпкермен шарт жасасқан. Курстың жалпы құны 1 690 000 теңгені құраған. Өтініш иесінің айтуынша, сабақтар да, фильм түсірілімі де басталмаған. Осыған байланысты тұтынушы кәсіпкерге шартты бұзу және төленген қаражатты қайтару туралы жазбаша талап жолдаған. Алайда шартта белгіленген мерзімде қаражат қайтарылмаған.
Тұтынушы департаментке жүгінгеннен кейін мәселе шешіліп, кәсіпкер төленген 1 690 000 теңгені толық қайтарды.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі осындай жағдайларда тұтынушыларға өз талаптарын нақты көрсетіп, растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, қызмет көрсетушіге жазбаша наразылық жолдауды ұсынады.


