Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксимен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксимен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Президент Дональд Трамп Әкімшілігімен сындарлы ықпалдастықты нығайта түсуге әзір екенін растады. Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің стратегиялық сипатына айрықша назар аударды.

Президент Қазақстанның америкалық бизнес үшін қолайлы инвестициялық климат жасауға бейіл екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуш Чокси ықпалдастықты кеңейту, соның ішінде аса маңызды минералдарды игеру, энергетика, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, өзара көлік байланысы, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы және қаржы қызметтері перспективасын талқылады.

Хуш Чокси байланыстарды одан әрі дамыту әлеуетінің жоғары екеніне тоқталып, өзара қызығушылық тудырған бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Француз Республикасының Мәдениет министрі...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік...

Кәсіпорынның дамуы барысында түрлі жабдықтар, құралдар мен техника сатып алынады. Алайда уақыт өте өндіріс бағыты өзгеруі, жаңа технология енгізілуі немесе белгілі бір...