Курчатовта қуаты 700 МВт болатын жаңа электр станциясының құрылысы басталды

Курчатовта қуаты 700 МВт болатын жаңа электр станциясының құрылысы басталды
Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) құрылысы басталды. Сонымен қатар, жобаның басталуына орай уақыт капсуласын салтанатты түрде қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа электр станциясының құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, энергия жүйесіндегі қуат тапшылығы тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ өңірдің индустриялық дамуына және инвестициялар тартуға қосымша мүмкіндік жасауға бағытталған.

Жобаның жалпы құны 759 млрд теңгені құрайды. Стратегиялық нысанды іске асыру 2026–2032 жылдарға жоспарланған. Жобаға сәйкес, станция пайдалануға берілгеннен кейін жыл сайын 5 млрд кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіретін болады. Бұл өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба қабылданған. Оның аясында жаңа және жаңғыртылатын қуаттардың жалпы көлемі 7,8 ГВт-қа жеткізіліп, 8 жаңа электр станциясын салу көзделген.

Жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің энергетикалық жүйесіндегі маңызды тораптарды қамтиды. Оның аясында Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр станциясы, Екібастұз ГРЭС-3 (2 640 МВт), Қарағандыдағы ЖЭС (350 МВт), Екібастұздағы ЖЭС (180 МВт), сондай-ақ Жезқазған (500 МВт), Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын салу жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Anadolu Group холдингінің басқарма төрағасы Камил Сүлейман Языджимен...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, Астана қаласында ашылған Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп...