Қазақстанда кітап оқуға қызығушылық артып келеді

Қазақстанда кітап оқуға қызығушылық артып келеді
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі әдебиетке қызығушылық артып келеді. Кейінгі бір жылда көпшілік кітапханаларынан оқырмандарға 88,9 млн басылым берілсе, оның 53,4 миллионы немесе 60,1%-ы қазақ тіліндегі әдебиеттер болды. Бұл үрдіс кітапхана қорларының толығуынан да көрінеді. Бір жыл ішінде көпшілік кітапханаларына 906,5 мың жаңа басылым түсіп, соның 662,3 мыңын қазақ тіліндегі кітаптар құрады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде еліміздің көпшілік кітапханаларындағы қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 млн данаға жетті. Бұл – жалпы кітапхана қорының 41,7%-ы.

Оқырмандар арасында көркем әдебиетке деген сұраныс дәстүрлі түрде жоғары. Көркем шығармаларға, тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы еңбектерге жалпы берілген кітаптардың 57,6%-ы немесе 51,3 млн данасы тиесілі. Бұл бағыттағы басылымдар жаңа түсімдер арасында да басымдыққа ие. Бір жылда кітапхана қорлары осындай мазмұндағы 577,7 мың басылыммен толықты. Бұл барлық жаңа түсімнің 63,7%-ын құрайды.

Көпшілік кітапханалары оқырмандарының елеулі бөлігін балалар мен жастар құрайды. Олардың арасында 15 жасқа дейінгі 1,75 млн бала мен 1,38 млн жас бар. Ересек оқырмандардың саны 2,4 млн адамды құрайды.

Өңірлер бойынша кітап оқитын тұрғындардың ең жоғары үлесі Павлодар облысында тіркелген – 47%. Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан облысы – 45% және Батыс Қазақстан облысы – 42% көрсеткішпен тұр.

Бұл деректер көпшілік кітапханаларының елдің мәдени-ағартушылық кеңістігіндегі орны нығайып келе жатқанын аңғартады. Қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныстың артуы, көркем әдебиеттің кеңінен оқылуы және балалар мен жастардың белсенділігі елімізде кітап оқу мәдениетін одан әрі дамытуға берік негіз қалыптастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Anadolu Group холдингінің басқарма төрағасы Камил Сүлейман Языджимен...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, Астана қаласында ашылған Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп...