Нұрлыбек Нәлібаев химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Нұрлыбек Нәлібаев химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев химия өнеркәсібінің даму мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда сала кәсіпорындарының тұрақты жұмысы мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі сұрақтары қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кәсіпорындарды қажетті шикізатпен және тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге, сондай-ақ теміржол тасымалдарына экономикалық негізделген тарифтерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Жиынға қатысушылар саланы одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және тежеуіш факторларды жою шараларын талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...