Премьер-министрдің бірінші орынбасары бірқатар елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары бірқатар елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркия, Қытай Халық Республикасы, Әзербайжан, Корея Республикасы, Жапония, Тәжікстан, Франция, Германия, Ұлыбритания және Түрікменстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Отырыс барысында вице-премьер аталған елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесі Мемлекет басшысының назарында екенін атап өтті. 

Кеңесте мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары аталған елдермен экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және бірлескен жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндама жасады. Шетелдік серіктестермен экономикалық ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланып, сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың перспективалы бағыттары айқындалды.

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту елдің өнеркәсіптік әрі технологиялық дамуының маңызды факторы екенін атап өтті. Сонымен қатар ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту, жаңа бастамаларды айқындау бағытындағы жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...