Үкіметте Жамбыл облысында жаңа зауыт салу жобасы қаралды

Үкіметте Жамбыл облысында жаңа зауыт салу жобасы қаралды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Western Mining Corporation Limited компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Тараптар Жамбыл облысында қышқылдық флюорит концентратын өндіретін зауыт салу инвестициялық жобасын іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Western Mining Corporation Limited — инвестициялық жобаны іске асыру үшін Қытайдың жетекші компанияларының консорциумы құрған жоба операторы, химия өнеркәсібінде, жаңа энергетика саласында, болат, алюминий металлургиясында сұранысқа ие қышқыл флюрит концентратын шығаруды көздейді.

Кездесу барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, тау-кен өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу және өндірісте заманауи экологиялық стандарттарды енгізудің ел экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығына тоқталды. Жоба аясында 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жобаның еліміз үшін тиімділігін зерттеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...