Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласының кәсіпкерлік құрылымында қоғамдық тамақтану саласының экономикалық маңызы ерекше. Тұрғындар мен қала қонақтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін асханалар,...

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан кен байыту фабрикаларын жаңғыртып, жаңа кәсіпорындарды іске қосты. Осы кезеңде тау-кен металлургия саласының...