Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді
Қазақстанда аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында 1:200 000 масштабындағы өңірлік зерттеулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

2026 жылдың соңына дейін геологиялық-геофизикалық зерттелген аумақты 2,2 млн шаршы км-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 25 нысандағы жұмыстарды аяқтау көзделген.

Негізгі бағыттардың бірі – 1:50 000 масштабындағы геологиялық түсірілімге – ГС-50-ге көшу. 2026 жылы алтын, мыс, полиметалдар, сирек жер элементтері, литий, вольфрам, молибден және басқа да стратегиялық пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерін анықтауға бағытталған 20 жобаны іске асыру басталды.

Сонымен қатар Солтүстік Торғай және Шу-Сарысу аз зерттелген шөгінді бассейндері аумағында 2Д сейсмобарлау жұмыстарының алты жобасын іске қосу жоспарлануда.

2026–2028 жылдары геологиялық түсірілім және сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуге Үкімет резервінен 40,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 32,7 млрд теңге ГС-50 жұмыстарына, ал 8 млрд теңге сейсмобарлау жұмыстарына бағытталады.

Жобалар аясында аэрогеофизикалық, геохимиялық және зертханалық зерттеулер, Жерді қашықтан зондтау деректерін дешифрлеу, бұрғылау және ұңғымаларды геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеуді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында аукцион қорытындысы бойынша алынатын қол қою бонустары түсімдерінің кемінде 50%-ын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарына бағыттау заңнамалық түрде бекітілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы...

Ұлытау облысында нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмай келген жалпы көлемі 7 260 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп...

Түркістан қаласында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерлікті дамыту жергілікті экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік...

Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті өнеркәсіптің маңызды...

Су ресурстары және ирригация министрлігі технологиялық және өндірістік міндеттерді шешу, сондай-ақ қолданбалы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу...