Жетісу облысындағы мектеп құрылысына қайтарылған активтер қаражаты есебінен 5,5 млрд теңге бағытталды

Жетісу облысындағы мектеп құрылысына қайтарылған активтер қаражаты есебінен 5,5 млрд теңге бағытталды

Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысында жаңа жалпы білім беретін мектеп салуға 5,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Көксу ауданының Балпық би ауылында 600 оқушыға арналған жаңа мектеп салынуда. Жаңа нысанға деген қажеттілік халық санының өсуі және қолданыстағы білім беру инфрақұрылымына түсетін жүктеменің артуына байланысты туындап отыр. Жаңа мектеп балаларға тұрғылықты жеріне жақын жерде заманауи білім беру инфрақұрылымына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Құрылысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 

Активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде Үкімет 610 млрд теңге сомасына 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қор қаражаты бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорттық және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Білім беру саласында 64,4 млрд теңге сомасына 17 жоба жүзеге асырылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы...

Ұлытау облысында нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмай келген жалпы көлемі 7 260 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп...

Түркістан қаласында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерлікті дамыту жергілікті экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік...

Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті өнеркәсіптің маңызды...

Су ресурстары және ирригация министрлігі технологиялық және өндірістік міндеттерді шешу, сондай-ақ қолданбалы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу...